Индустриалдық комитет

Индустриялық комитет – ЖОО-ның өнеркәсіппен, студенттер мен оқытушылардың стартаптарымен, сондай-ақ инновациялық кәсіпорындармен жұмысын үйлестіру бөлімшесі.

Міндеттері:

  • білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығы, білім алушыларда жалпы (негізгі), бейіндік (метапәндік), пәндік құзыреттерді қалыптастыру процесінің тұтастығы мен жүйелілігі, болашақ маманның кәсіби құзыреттілігінің негізі болып табылатын қызмет тәжірибесін жинақтау үшін жағдайлар жасау;
  • оқушылардың болашақ кәсіби қызметі үшін маңызды тұлға қасиеттерін, сондай-ақ даярлық бейіні бойынша білім беруді жалғастыруға әзірлігі мен қабілетін қамтамасыз ететін білімін, іскерлігін және дағдыларын, тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ететін практикаға бағытталған оқыту технологияларын енгізу;
  • академиялық ғылымның өңірдің индустриясымен өзара байланысын жүзеге асыру;
  • кәсіби ортаға ену мақсатында пропедевтикалық курстарды, кәсіптік бағдар беретін оқу сабақтарын қосымша жалпы дамыту бағдарламаларына енгізу, мамандық туралы өз түсінігін жұмыс берушілер қоятын талаптарға сәйкестендіру, оқу процесінде кәсіби құзыреттілік негіздерін алу мотивациясы;
  • оқыту бейініне сәйкес нақты ғылыми-практикалық және тәжірибелік -өндірістік жұмыстарды шешу мақсатында оқушыларды квази-кәсіби қызметтің инновациялық нысандарына тарту.
RU KK  EN