Қорытынды аттестаттауды тапсыру туралы білім алушыларға арналған нұсқаулық

Кешенді емтихан:

  1. 25 мамырдан бастап қорытынды аттестаттауға дайындалу үшін "Univer" жүйесінен кешенді емтихан сұрақтарын жүктеу.
  2. 30 мамырдан бастап "Univer" жүйесінде кеңес беру кестесімен танысады.
  3. 1 маусымнан 6 маусымға дейін "Microsoft Теамѕ" платформасында on-line режимінде кешенді емтиханға дайындық бойынша кеңес беру кестесіне сәйкес қатысу».
  4. 5 маусымнан бастап "Univer" жүйесінде білім алушыларды кешенді емтихан күндері бойынша бөлумен танысады.
  5. Егер кешенді емтиханға бір апта қалғанда қолжетімді арналар арқылы интернетке қосылу мүмкіндігі болмаса, кафедра меңгерушісіне хабарлайды.
  6. Кешенді емтихан тапсырған күні:

- емтихан басталғанға дейін 20 минут бұрын бейне және аудио камераның қосылуын тексеріңіз;

- емтихан тапсырар алдында міндетті түрде жеке басын сәйкестендіру үшін веб-камерада жеке куәлігін, фотосуреттің, тегінің, атының, әкесінің атының және ЖСН нақты бейнесін қамтамасыз ете отырып, көрсету қажет;

- емтиханды өткізу барысында және емтихан аяқталғанға дейін камераны өшірмеу;

- емтиханға бөлінген уақыт тәртібін бұзбау;

- жеке куәлік пен қаламнан басқа кез келген көмекші құралдарды (шпаргалкаларды, кітаптарды немесе тиісті пән бойынша өзге де оқу-көмекші ақпаратты) пайдаланбауға;

Дипломдық жұмыс (жоба)/магистрлік диссертация:

  1. 5 маусымнан бастап білім алушылар "Univer" жүйесінде қорғау күндерінің кестесімен танысады.
  2. Плагиат мәніне тексеруді қорғаудан 5 күнтізбелік күн бұрын аяқтау (жауапты тұлғаның корпоративтік поштасы арқылы) (a.aronova@aogu.edu.kz).
  3. Қорғауға дейін күнтізбелік 5 күн бұрын пікірді, рецензияны, плагиат мәніне тексеруден өткені туралы анықтаманы және дипломдық жұмысты (жобаны)/магистрлік диссертацияны электрондық форматта техникалық хатшының поштасына ұсыну.
  4. Егер Интернетке қол жетімді арналар арқылы қорғаудан 1 апта бұрын қосылу мүмкіндігі болмаса, кафедра меңгерушісіне хабарлайды.
  5. Қорғау күнінде:

- бейне және аудио камераны қосуды 20 минут бұрын тексеріңіз;

- қорғау алдында жеке басты міндетті сәйкестендіру үшін веб-камерада фотосуреттің, тегінің, атының, әкесінің атының және ЖСН нақты бейнесін қамтамасыз ете отырып, жеке куәлікті көрсету қажет;

- онлайн режимде презентациямен интерактивті режимде баяндама жасау;

- қорғауға бөлінген уақыт тәртібін бұзбаңыз.

RU KK  EN