Студенттік жатақханаларда тұру ережелері

1. Жалпы ережелер


1.1 Атырау мұнай және газ университетінің (АтМГУ) студенттік жатақханаларында тұрудың осы Ережесі нормативтік акт болып табылады, оны студенттік жатақханада тұратындардың барлығы орындауы міндетті.

1.2 Басқа қаладан келген студенттерді орналастыру жетекшілік ететін проректор, факультет деканы және жатақхана коменданты қол қойған өтініш бойынша жүргізіледі.

1.3 Жатақханаға барлық мұқтаж студенттерді орналастыруға кепілдік берілмейді. Студенттік жатақханалардағы орындар келесі кезекте беріледі:

  1. ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге;
  2. мүмкіндігі шектеулі студенттерге;
  3. «Серпін» бағдарламасы аясында оқитын студенттерге»;
  4. мемлекеттік білім беру грантын иеленген басқа қаладан келген және шетелдік студенттерге.

1-4 санаттарына жататын білім алушылар орналастырылғаннан кейін бос орындар болған жағдайда, студенттік жатақханадағы орындар ақылы негізде оқитын студенттерге мынадай кезектілікпен беріледі:

  1. басқа қаладан келген және аз қамтылған отбасылардан шыққан шетелдік студенттерге;
  2. 1-5 санатына кірмейтін басқа қаладан келген және шетелдік бірінші курс студенттеріне.

1.4. Басқа қаладан келген талапкерлер мен олардың заңды өкілдері студенттік жатақханаларға уақытша орналаса алмайды.

1.5. Студенттік жатақханаға орналастыру 25 тамыздан басталады.

1.6. Жатақханаға орналастыру кезінде студент пен АтМГУ арасында тұрғын үй-жайды жалдау шарты 2 данада жасалады.

1.7. Студент жатақхана комендантына жатақханадан орын беру туралы өтінішті, тұрғын үй-жайды жалдау шартын, жеке куәлігін, медициналық анықтаманы, төлем туралы түбіртекті, 3х4 фотосуретті ұсынуға міндетті.

1.8. Жатақханаға орналасушы осы ережелерді оқып, АтМГУ қауіпсіздік техникасы инженері жүргізетін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өтуі және Студенттік жатақханаларда тұру ережелерімен және Қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысқан тұлғаларды тіркеу журналына қол қоюы тиіс.

2. Жатақханада тұратындардың құқықтары мен міндеттері

2.1 Жатақханада тұратындардың құқығы бар:

  • оқу, мәдени-тұрмыстық және спорттық-сауықтыру мақсатындағы үй-жайларды, жатақхананың жабдықтары мен мүліктерін пайдалануға;
  • жатақхананың өзін-өзі басқару органдарына сайлау және сайлану, олардың жұмысына қатысу;
  • студенттік өзін-өзі басқару кеңесі арқылы тұрғын үймен қамтамасыз етуді жетілдіру, бос уақытты ұйымдастыру және студенттердің демалыс, өзіндік жұмыс бөлмелерін, тұрғын үй-жайды безендіру мен жабдықтау мәселелерін шешуге қатысу.

2.2 Жатақханада тұратындар міндетті:

  • орналасу алдында бір семестр бойы тұру үшін төлем түбіртегін көрсету, бөлме кілттерінің көшірмесін жасау, содан кейін жатақхана комендантына кілттердің қосалқы жиынтығын екі күн ішінде қайтаруға;
  • жатақхана комендантына және факультет деканаттарына төлем түбіртегін ұсына отырып, оқу семестрі басталғанға дейін жылына екі рет тұру ақысын төлеуге (көшірмелер);
  • Жарғыны, Студенттік жатақхана туралы ережені, осы қағидаларды, АтМГУ-дың өзге де жергілікті актілерін, Қауіпсіздік техникасы ережелерін, тұрғын үй-жайды жалдау шартын сақтауға;
  • азаматтардың көші-қоны туралы заңнаманың талаптарын, азаматтарды уақытша және тұрақты тұратын жері бойынша азаматтарды тіркеу қағидаларын сақтау;
  • жатақхананың үй-жайларына, жабдықтарына және мүліктеріне ұқыпты қарау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жеке пайдалануға берілген мүлік үшін материалдық жауапты болу;
  • жоғалған немесе бүлінген мүлік пен жабдықтың құнын төлеуге, АтМГУ-ға келтірген өзге де залалды өтеуге;
  • тұрғын жайларды және жалпы пайдалану орындарын өз күшімен және өз есебінен косметикалық жөндеуден өткізуге қатысу;
  • оқу жылы аяқталғаннан кейін жатақхана комендантына (қабырғалар, есіктер, құлыптар, жиһаздар сынған жағдайда, олар жөнделуі тиіс) тұрғын бөлмені тапсыруға;
  • тұрғын үй-жайға оның санитариялық-техникалық және ондағы өзге де жабдықтың техникалық жай-күйін тексеру үшін, сондай-ақ қажетті жұмыстарды орындау үшін АтМГУ өкілін жіберуге;
  • тұрғын жайдың, ондағы жабдықтардың немесе коммуникациялардың ақаулықтары анықталған жағдайда, оларды жою үшін дереу шаралар қолдануға және олар туралы жатақхана комендантына міндетті түрде хабарлауға;
  • тұрғын үй-жайдың тиісті санитарлық жағдайын сақтау, белгіленген кестеге сәйкес тұрғын үй-жайларда және жалпы пайдалану орындарында, қызметтік үй-жайларда және тұратын бөлмелерде ылғалды тазалауды жүзеге асыру. Тазалау кестелерін қабат жетекшілері Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің төрағасымен жасайды және жатақхана комендантымен келісіледі;
  • санитарлық ережелер мен нормаларды сақтауға, оның ішінде төсек жабдықтарын (көрпе тысы, ақжайма, жастық тысы) ластануына қарай, бірақ аптасына кемінде бір рет ауыстыруға; жеке гигиена ережелерін сақтауға;
  • электр қуаты мен суды үнемді пайдалануға;
  • рұқсат етілген тұрмыстық электр құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қатаң сақтауға;
  • жатақханаға сағат 23:00-ден кешікпей келуге;
  • жатақханада сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін тыныштық сақтауға;
  • қабат старосталарының, Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің және студенттік жатақхана комендантының тапсырмаларын орындауға, олар тұру ережелерін бұзғаны үшін шығаруға өтініш беруге құқылы;
  • жатақханада өткізілетін жиналыстарға келуге;
  • күн сайын хабарландыру тақтасындағы ақпаратты қарап шығуға;
  • шығару кезінде (оның ішінде каникул кезінде) Тұрғын жайды жалдау туралы шартқа сәйкес бөлмелерді және олардың артындағы барлық төсек-орындарды тапсыруға.

2.3 Жатақханада тұратындарға тыйым салынады:

  • рұқсат қағазын бөгде адамдарға беруге және оларды жатақханада түнеуге қалдыруға;
  • спирттік ішімдіктерді ішуге, жатақханада алкогольдік, есірткілік немесе өзге де уытқұмарлық масаң күйде келуге;
  • есірткі немесе психотроптық заттарды тұтынуға, сақтауға, таратуға;
  • тұрғын үй-жайларда және жалпы пайдалану орындарында темекі шегуге (соның ішінде кальян);
  • жатақханаға спирттік ішімдіктер әкелуге;
  • аумаққа қаруды, оның ішінде пневматикалық, травматикалық және суық қаруды алып кіруге, сақтауға, тұрғын жайда және жатақхана аумағында пайдалануға;
  • «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңмен тыйым салынған діни сипаттағы жиналыстар, іс-шаралар өткізуге;
  • өз еркімен қоныстануға және бір бөлмеден екінші бөлмеге көшуге;
  • өз еркімен мүліктерді бір бөлмеден екінші бөлмеге ауыстыруға;
  • электр сымдарын қайта жасауға және түзетуге;
  • тұрғын бөлмелерде және жалпы пайдалану орындарында қосымша электр жылыту құралдарын орнатуға;
  • радио қабылдағыштарды, магнитофондарды, ұялы телефондарды, теледидарларды даусы бөлме сыртында естілетіндей үдетіп қосуға;
  • тұрғын бөлмелердің есіктеріне өздігінен құлып салуға немесе есіктердегі құлыптарды ауыстыруға;
  • жиһазды өз еркімен бөлшектеуге және қалқалар тұрғызуға;
  • студенттік жатақханаларда жануарларды асырауға;
  • билерді, дискотекаларды және басқа да бұқаралық іс-шараларды өз еркімен ұйымдастыруға;
  • қоқысты бөлмелерде, жалпы пайдалану орындарында қалдыруға;
  • терезеден қоқыс пен басқа заттарды лақтыруға, терезеден су төгуге, кілемдер мен көрпелердің шаңын терезе арқылы сілкуге; азық-түлікті терезе сыртына сақтауға;
  • шатырға шығуға, шатыр астына көтерілуге, терезе алдында тұруға және отыруға;
  • түнгі уақытта сағат 00.00-ден 06.00-ге дейін тамақ дайындауға арналған тұрмыстық тұрғын жайды пайдалануға;
  • түнгі уақытта сағат 01.00-ден 6.00-ге дейін душ бөлмелерін пайдалануға (бөлмелерді кептіру уақыты);
  • сағат 22.00-ден 16.00-ге дейін жатақханаға қонақтарды әкелуге;
  • жатақханаға сағат 23.00-ден кеш келуге.

3. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапты болады

3.1 Осы Ережелерді бұзғаны үшін тұрғындарға АтМГУ белгілеген тәртіпте Қазақстан Республикасының заңнамасына және АтМГУ нормативтік актілеріне сәйкес қоғамдық, әкімшілік ықпал ету шаралары, тәртіптік және басқа да жаза түрлері қолданылуы мүмкін.

3.2 Тұрғындардың осы Ережелерді бұзғаны үшін оларға келесі тәртіптік жазалар қолданылады: ескерту, сөгіс, жасалған шартты бұза отырып жатақханадан шығару.

3.3 тәртіптік жаза теріс қылық анықталған кезде тікелей, бірақ ол анықталған күннен бастап бір аптадан кешіктірмей қолданылады (ауру уақытын немесе студенттің демалыста болуын есептемегенде).

4. Жатақханадан шығару негіздері

4.1 Тұрғындар келесі жағдайларда АтМГУ жатақханасынан шығарылуы мүмкін:

  • тұрғын жайды мақсатына сай пайдаланбауы;
  • тұрғындардың немесе басқа азаматтардың тұрғын жайды және жабдықтарды бұзуы немесе бүлдіруі (терезелер, есіктер, қабырғалар, едендер, төбелер, құлыптар, розеткалар, электр сымдары, электр плиталары, тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналар, су шүмектері, батареялар, москит торлары және т. б.);
  • тұратын мекен-жайы бойынша тіркеуден бас тартуы;
  • тұру ақысын төлеу бойынша шарттық міндеттемелерді бұзуы;
  • жатақхана комендантына екі айдан астам уақыт жазбаша ескертусіз жатақханада тұрмауы;
  • жатақхананың бөлмелерінде, дәліздерінде және өзге де орындарында, сондай-ақ іргелес аумақта алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болуы, жүйелі темекі шегуі;
  • есірткі немесе психотроптық заттарды қолдану, сақтау, таратуы;
  • жатақханада тұратындардың жарылғыш, химиялық қауіпті заттарды, атыс, жарақат, суық қаруды сақтауы;
  • бірге тұруға мүмкіндік бермей көршілердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуы;
  • Жарғыны, Ішкі тәртіп ережелерін, АтМГУ студенттік жатақханаларында тұру ережелерін, АтМГУ-дың өзге де нормативтік актілерін, жатақханалардағы тұрғын үй-жайды жалдау шартының талаптарын бір рет өрескел (немесе жүйелі) бұзуы;
  • осы Қағидаларды, Жарғыны және ішкі тәртіп қағидаларын бұзу себебінен оқитындарды оқу мерзімі аяқталғанға дейін АтМГУ-дан шығаруы;
  • тұрғындардың жеке өтініші бойынша;
  • оқу мерзімі аяқталғаннан кейін студентті АтМГУ-дан шығару кезінде;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында және АтМГУ нормативтік актілерінде көзделген өзге де жағдайларда.

4.2 АтМГУ жатақханаларында тұру ережелерін өрескел бұзғаны үшін шығарылған студент жатақханаға қайта қоныстану мүмкіндігінен айырылады.

4.3 Оқу жылы аяқталғаннан кейін комендантқа жақсы сақталған бөлмені тапсырмаған студенттер жатақханаға қайта қоныстану мүмкіндігінен айырылады.

4.4 АтМГУ жатақханасынан шығару тәртіптік жаза шарасы ретінде ректордың бұйрығымен рәсімделеді.

4.5 АтМГУ жатақханасынан тұрғындарды шығару бұйрық шыққан күннен бастап үш күндік мерзімде жүргізіледі.

RU KK  EN