Білім алушының ішкі тәртіп ережелері

АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

  1. МАҚСАТЫ

Осы Ережелердің мақсаты – Атырау мұнай және газ университеті (бұдан әрі – университет) білім алушыларының университет Жарғысы талаптарын орындауы және олардың ЖОО аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауын қадағалау.

Ережелер бекітілген күннен бастап күшіне енеді және Университет ректоры күшін жойғанға дейін қолданыста болады.

  1. ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ

Ережелер Университеттің барлық білім алушыларына: студенттер, магистранттар, барлық курстар мен оқыту формасының тыңдаушыларына қолданылады:

Осы Ережелердің қолданылу аясы білім алушылардың университетте оқу және университет аумағында болу кезіндегі тәртібі болып табылады.

  1. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ЕРЕЖЕЛЕРМЕН ТАНЫСТЫРУ

Білім алушылар арасында Ережелердің таралуы Білім алушыларды таныстыру үшін Университеттің Web-сайтында Ережелердің мәтінін орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

Білім алушы университетке түсу туралы құжаттарды тапсыру кезінде Ережелермен танысқаннан кейін немесе университетке келгеннен кейін екі аптадан кешіктірмей факультет деканының атына Ережелермен танысқаны және оларды сақтау туралы өзінің қолы қойылған өтініш жазуы тиіс, ол кейін білім алушының жеке іс парағында сақталады.

  1. АНЫҚТАМАЛАР

Білім алушылар – күндізгі, кешкі және сырттай (қашықтықтан) оқыту формасының студенттері, сондай-ақ барлық курстардың, оның ішінде біліктілікті жоғарылату және кадрларды қайта даярлау курстарының тыңдаушылары.

Әкімшілік – ректор, проректорлар, декандар, әкімшілік қызмет атқаратын құрылымдық бөлімше жетекшілері.

  1. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
  • 5.1. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
  • Білім алушы құқылы:

    1. Университетте мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес жоғары кәсіби білім және оқытудың түрлі бағдарламалары бойынша қосымша кәсіби білім алуға;
    2. ЖОО оқу үрдісін ұйымдастыру: бағдарламалар, оқу жоспарлары мен кестелер, сабақ кестелері, т.б. туралы қажет ақпаратты алуға;
    3. Университеттегі білім беру бағдарламалары, оқу жоспарларында қарастырылған оқу сабақтарының барлық түріне қатысуға;
    4. Қосымша ақылы білім беру қызметін алуға;
    5. Университет ғылыми-зерттеу бөлімінің келісімі бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының барлық түрлеріне, конференцияларға, семинарларға, т.с.с. қатысуға;
    6. Университеттің материалдық базасы, оның ішінде кітапхана, компьютерлік кластар, университеттің бағдарламалары мен әзірлемелерін қолдану, Студенттер сарайы, Спорт кешеніне белгіленген тәртіпке сәйкес бару;
    7. Университеттегі оқу және оқудан тыс қызметті жетілдіру бойынша өз ұсынысын енгізуге;
    8. Саяси және діни сипаты жоқ кәсіподақтық және басқа да студенттік ұйымдарға қосылуға;
    9. Университет Ғылыми кеңесі туралы Ережеге сәйкес Университет Ғылыми кеңесінің құрамына өтуге;
    10. Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің құрамына қабылдануға;
    11. Университетте орналасқан асхана және тамақтану орны, медициналық пункт қызметтерін қолдануға;
    12. Белгіленген тәртіпке сәйкес спорт залдарын тегін пайдалануға, спорт секцияларына, шығармашылық үйірмелерге қатысуға;
    13. Университеттің кез келген студенттік клубы мен шығармашылық бірлестігіне тіркелуге;
    14. Оқу және оқудан тыс қызметте жеткен жетістіктері үшін моральдық, материалдық және марапаттаудың басқа да түрлерін алуға.

     

  • 5.2. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
  • Білім алушы міндетті:

    1. Университет Жарғысы талаптарын сақтауға, университет бойынша Ішкі тәртіп ережелерін, бұйрықтар мен өкімдерді орындауға;
    2. Өрт қауіпсіздігі, техникалық қауіпсіздік, гигиена және санитарияның қажетті талаптарын, Университет жатақханасында тұру ережелерін орындауға;
    3. Әскери міндетті қазақстандық білім алушылар «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңмен белгіленген тәртіпте әскери тізімге көрсетілген мерзімде тұруға;
    4. Университет аумағында ҚР қолданыстағы Заңнамасымен, Университеттің бұйрықтары, өкімдері және жергілікті актілерімен белгіленген қоғамдық тәртіпті сақтауға;
    5. Университет ғимараттарында сөйлесудің, қарым-қатынастың және тәртіптің тыныш режимін сақтауға, университет студенттерінің оқуы мен қызметкерлер жұмысына кедергі келтірмеуге;
    6. Басқа студенттердің тәртіп бұзуының алдын алуға, тәртіп немесе оқу процесінің бұзылуы туралы университет қауіпсіздік қызметкерлеріне немесе деканатқа хабарлауға;
    7. Университеттің барлық ғимараттарында тазалық пен тәртіпті сақтауға;
    8. Тәртіпті, өзара сыпайылық ережелерін сақтауға және университеттің оқытушы-профессорлар құрамына, штаттық қызметкерлеріне, Күзет өкілдеріне құрмет көрсетуге;
    9. Университеттің материалдық құндылықтарын күтіп ұстауға;
    10. Компьютерлерді және басқа да электронды-есептеуіш жабдықтарды пайдалану ережелерін сақтауға, университетте ақпараттық қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз орындауға;
    11. Қоғамдық тамақтану орындарын пайдалану ережелерін сақтау: асханаға сыртқы киіммен кірмеу, үй-жайларды тек тамақ ішу үшін пайдалану, тазалықты сақтау және пайдаланылған ыдыстарды өзінен кейін жинау және т. б.;
    12. Университет аумағында білім алушы өзімен бірге университет ғимараттары мен үй-жайларына өту үшін әкімшілікпен белгіленген студенттік билетін немесе басқа құжатты алып жүруге, оларды қауіпсіздік қызметі бөлімі және ЖОО әкімшілігі қызметкерлерінің талап етуі бойынша көрсетуге міндетті;
    13. Оқытушы аудиторияға кірген кезде оны қарсы алу, оқу сабақтары кезінде аудиториядан тек оқытушының рұқсатымен ғана кіру және шығу;
    14. Факультет деканатына оқу сабақтарында болмау себебі туралы қатыспаған күннен бастап үш күндік мерзімде хабарлау, деканатқа сабақтарда болмау себебін растайтын құжаттарды ұсыну. Оқушыларға берілетін еңбекке жарамсыздық парағы, емдеу мекемелерінен алынған медициналық анықтама университеттің медициналық пунктінде тіркелуі тиіс;
    15. Ақылы негізде білім алатын студенттер келісім шарттарын сақтауға;
    16. Университет және факультет әкімшілігінің талап етуі бойынша белгіленген уақытта деканатқа немесе көрсетілген кабинетке келу және әкімшілік талап ететін құжаттарды ұсынуға;
    17. Әкімшіліктің талап етуі бойынша оқу тәртібі мен мінез-құлқының бұзылуына байланысты жазбаша түсініктемелер беруге;
    18. Оқу процесі барысында және оқудан тыс жұмыстарға қатысты іс-шаралар кезінде толеранттылық, құрмет және тең құқылық қағидаттары негізінде басқа студенттермен өзара іс-қимыл жасауға;
    19. Оқудан тыс жұмысқа жататын іс-шараларға қатысу кезінде нақты іс-шараны өткізу регламентінің тармақтарын сақтауға;
    20. Университетті бітірген білім алушылар кету парағын, студенттік билетті және сынақ кітапшасын тиісті түрде рәсімдеп, кеңсе тіркеушісіне тапсыруға.

    5.3.БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

    5.3.1. Осы Ережелерді, Жарғы талаптарын және университеттің басқа да жергілікті актілерін бұзуға;

    5.3.2. Университет жатақханасына рұқсаттаманы, студенттік билетті басқа адамдардың қолдануына беруге;

    5.3.3. Сабақтар кезінде, аудиторияларда емтихандар мен сынақтар өткізу барысында, сондай-ақ ресми іс-шаралар (конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кездесулер және т. б.) кезінде ұялы байланысты пайдалануға; мұндай жағдайларда телефонмен сөйлесуге, хабарлама жіберуге, интернетте ақпарат іздеуге тырысу, т.б. мінез-құлықтың этикалық нормалары өрескел бұзылған болып бағаланады.

    5.3.4. Өзгелерге, өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген іс-әрекетті орындауға;

    5.3.5. Университет аумағында студенттермен, қызметкерлермен және басқа да тұлғалармен қарым-қатынаста дөрекі сөздер қолдануға және жоғары реңкте әңгімелесуге, балағат сөздерді қолдануға, қарым-қатынастарды нақтылау үшін дене күшін қолдануға;

    5.3.6. Оқу үрдісіне кедергі келтіретін әрекеттерді орындауға;

    5.3.7. Университет аумағында және ғимараттарда темекі шегуге;

    5.3.7. Университет ғимараттары мен аумағына алкоголь және құрамында спирті бар қоспаларды, есірткі және улы заттарды, сондай-ақ кальянды қоса алғанда, кез келген темекі қоспаларын әкелуге, таратуға, сақтауға;

    5.3.8. Университет аумағында және үй-жайларында алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болуға;

    5.3.9. Мүлік пен жабдықты бүлдіруге, университеттің материалдық базасына залал келтіруге;

    5.3.10. Әкімшіліктің рұқсатынсыз университетке тиесілі бағдарламалық және техникалық құралдардың конфигурациясын өзгертуге;

    5.3.11. Әкімшіліктің рұқсатынсыз университет ғимараттарында жиһаздың, жабдықтың жинақтылығын, орналасуын және орналасқан жерін (орналасуын) өзгертуге;

    5.3.12. Университет ғимараттарынан мүлікті, жабдықты және басқа да материалдық құндылықтарды арнайы рәсімделген рұқсаттамасыз шығаруға;

    5.3.13. Студенттік билетке, сынақ кітапшасына, емтихан ведомостарына, академиялық анықтамаларға, оқырман билетіне, рұқсаттамаға, медициналық анықтамаларға, т.б. кез келген түрдегі жазбаларды, өшірулерді, түзетулерді, өзгерістерді, т.б. енгізуге;

    5.3.14. Университет әкімшілігінің рұқсатынсыз демалыс және мереке күндері (21.00-ден кейін) университет ғимараттарында болуға;

    5.3.15. Бір реттік рұқсаттаманы рәсімдемей, бөгде адамдарды өзімен бірге ғимараттарға және университет аумағына әкелуге;

    5.3.16. Діни, экстремистік және ұлтшылдық сипаттағы идеяларды ауызша, жазбаша немесе электрондық құралдарды тарта отырып насихаттауға;

    5.3.17. Қару алып жүруге және сақтауға арнайы рұқсат болса да, университет аумағына суық және атыс қаруын, оның ішінде өзін-өзі қорғау санатына жатқызылған қаруды алып өтуге, сақтауға және пайдалануға;

    5.3.18. Саяси ұйымдарға (бірлестіктерге), қозғалыстарға кіруге үгіттеуге, сондай-ақ осы ұйымдардың атынан университет аумағында және ғимараттарында әрекет етуге;

    5.3.19. Университетке және жатақханаға, сондай-ақ аумаққа және оқу аудиторияларына жануарлар мен құстарды әкелуге;

    5.3.20. Университет аумағында және ғимараттарда құмар ойындар ойнауға.

        5.4. МАРАПАТТАУЛАР

    5.4.1. Білім алушыларға үздік үлгерімі, ғылыми-зерттеу жұмысына қатысуы және студенттік өмірге белсене араласқаны үшін марапаттаудың келесі түрлері тағайындалады:

    - алғыс жариялау;

    - Ректордың атынан алғыс хатпен марапаттау;

    - Құрмет грамотасымен марапаттау;

    - бағалы сыйлықтармен марапаттау;

    - ата-анасына алғыс хат беру;

    - атаулы шәкіртақы;

    және марапаттаудың басқа да түрлері.

    5.4.2. Ынталандыру ректордың, проректордың бұйрығымен жарияланады және топтағы білім алушылардың назарына жеткізіледі. Ынталандыру туралы бұйрықтың көшірмесі студенттің жеке іс парағында сақталады.

     5.5.ЖАЗАЛАУ ЖӘНЕ УНИВЕРСИТЕТТЕН ШЫҒАРУ

    5.5.1. Жарғыны және осы Ережелерді бұзған жағдайда білім алушыға келесі тәртіптік жазалардың бірі қолданылуы мүмкін:

    • деканат бойынша сөгіс жариялау (оқу тәртібін бұзғанда, сабақтарға қатыспағанда);
    • университет бойынша сөгіс жариялау (осы Ережелерді бұзғанда);
    • университет бойынша қатаң сөгіс жариялау (сөгіс жарияланған кейін қайта бұзғанда не өрескел бір рет бұзғанда);
    • университеттен шығару.

    5.5.2. Егер осы Ереже мен университет Жарғысының талаптарын бұзатын қасақана іс-әрекеттер нәтижесінде университетке материалдық залал келтірілсе, онда оған кінәлі білім алушы (немесе егер білім алушы кәмелетке толмаған болса, оның өкілі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар шегінде материалдық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

    5.5.3. Білім алушыдан жаза қолданылғанға дейін жазбаша нысанда түсініктеме талап етілуге тиіс. Түсініктеме беруден бас тарту жаза қолдану үшін кедергі болып табылмайды.

    5.5.4. Жазалар ректордың, проректорлардың бұйрығымен рәсімделеді. Сөгіс университеттің өкімімен немесе бұйрығымен жарияланады. Қатаң сөгіс тек университет бұйрығымен рәсімделеді.

    5.5.5. Бұйрықтың немесе өкімнің көшірмесін әкімшілік өкілі білім алушыға қол қойғызып жеткізеді және білім алушының жеке іс парағында сақталады, сондай-ақ білім алушылардың назарына жеткізу үшін хабарландыру тақтасына ілінуі мүмкін. Қол қоюдан бас тартқан жағдайда акт жасалады.

    Білім алушыға екінші тәртіптік жаза тағайындалғаннан кейін білім алушы оқудан шығарылатындар қатарында болады.

    5.5.6. Білім алушы ішкі тәртіпті мынадай жағдайларда өрескел бұзғаны үшін оқудан шығарылады:

    • осы Ережелерді, Жатақханада тұру ережелерін және ЖОО-ның өзге де ішкі нормативтік актілерін өрескел бұзғаны үшін, оның ішінде:
    • оқытушылардың, деканат, ректорат қызметкерлерінің және әкімшіліктің басқа да өкілдерінің қолдарын, ресми құжаттарды, оның ішінде емтихан ведомостарын, сынақ кітапшасын, студенттік билетті, рұқсаттаманы, медициналық анықтамаларды қолдан жасағаны үшін;
    • қылмыстық іс жасағаны үшін сот шешімімен кінәлі деп танылған жағдайда;
    • ұлтаралық араздық пен дұшпандықты қоздырғаны, адамның қадір-қасиетін қорлағаны үшін;
    • оқытушыларға, қызметкерлерге және білім алушыларға қатысты қорлау әрекеттері, оның ішінде төбелескені немесе денсаулығына қауіп төндіргені үшін;
    • университет аумағында немесе ғимараттарында суық немесе атыс қаруын сақтағаны, алып жүргені, қолданғаны немесе көрсеткені үшін, тіпті сақтауға және алып жүруге арнайы рұқсат болса да;
    • университетте мас күйінде, есірткі немесе уытқұмарлық мас күйінде болғаны үшін;
    • университет аумағында немесе ғимараттарында есірткі заттарын қолданғаны, алкоголі аз ішімдіктерді (мысалы, сыра) қоса алғанда, спирттік ішімдіктерді ішкені үшін; немесе университеттің қауіпсіздік қызметінен, құқық қорғау немесе медициналық органдарынан осыны растайтын ақпарат алған жағдайда;
    • университет оқытушысына немесе қызметкеріне пара бергені немесе беруге ұсыныс жасағаны үшін;

    5.5.7. Өрескел бұзушылық үшін оқудан шығару теріс қылық анықталған күннен бастап екі аптадан кешіктірілмей жүргізіледі.

    5.6. СЫРТҚЫ КЕЛБЕТІ

    5.6.1. Білім алушылардың сыртқы келбеті ұқыпты болуы керек. Университет ғимараттарында сыртқы киіммен және бас киіммен (ерлер үшін) жүруге тыйым салынады.

    5.62. Білім алушының киімі ресми және зайырлы болуы керек. Сабақтарға және сабақтан тыс іс-шараларға спорттық киіммен ("Дене шынықтыру" пәні бойынша сабақтар мен спорттық іс-шараларды қоспағанда) келуге жол берілмейді).

    5.63. Университеттің спорт залдарына тек спорттық аяқ киіммен және спорттық формада кіруге рұқсат етіледі.

    5.7. ОҚУ ІС-ШАРАЛАРЫНДАҒЫ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

    5.7.1. Білім алушы оқу іс-шараларының басталуына кешікпей келуге міндетті (аудиториялық сабақтар, сынақ, емтихан және т. б.).

    5.7.2. Сабақ басталғаннан кейін білім алушылардың аудиторияға кіруі оқытушының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

    5.7.3. Барлық оқу және оларға іргелес ғимараттарда оқу сабақтарының қалыпты жүруі үшін қажетті тыныштық пен тәртіп сақталуға тиіс. Оқу сабақтарын үзуге, оқытушының рұқсатынсыз аудиториядан шығуға, ұялы байланысты пайдалануға, сабақ кезінде тамақ пен сусын ішуге болмайды.

    5.7.4. Білім алушылардың өкілдері топтар старосталары болып табылады. Әр топта факультет деканатының бұйрығымен ең үздік және тәртіпті білім алушылар қатарынан староста тағайындалады. Топ старостасы тікелей деканға бағынады, оның барлық бұйрықтары мен нұсқауларын өз тобының білім алушыларына жеткізеді.

    Топ басшысы жүзеге асырады:

    • оқу және оқудан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға байланысты әкімшіліктің тапсырмаларын орындайды;
    • топ білім алушыларына университетте өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат береді;
    • білім алушылардың оқу іс-шараларының барлық түрлеріне баруын дербес есепке алады;
    • дәрістер мен практикалық сабақтарда топтағы оқу пәнінің жай-күйін бақылайды;
    • білім алушыларды оқу іс-шараларының кестесіне енгізілетін өзгерістер туралы хабардар етеді;
    • білім алушылар арасында үлестірме материалдарды, оқу құралдарын, т.б. алуды және бөлуді уақтылы ұйымдастырады;
    • университеттің кәсіподақ ұйымымен өзара байланыста болады.

    5.7.5. Топ жетекшісінің көрсетілген қызметтер шегіндегі өкімдері топтың барлық білім алушылары үшін міндетті.

    5.8. ОҚУДАН ТЫС ІС-ШАРАЛАРДАҒЫ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

    5.7.1. Білім алушы оқудан тыс іс-шараның басталуына кешікпей келуге міндетті (кураторлық сағаттар, конференциялар, семинарлар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, жиналыстар және т. б.).

    5.7.2. Оқудан тыс іс-шараларды өткізу кезінде тыныштық пен тәртіп сақталуға тиіс. Іс-шара кезінде іс-шара өткізіліп жатырған залда немесе аудиторияда жүруге, одан шығуға, ұялы байланысты пайдалануға жол берілмейді.

    5.7.3. Залға немесе шақырылған қонақтардың аудиториясына кірген кезде білім алушылар оларды қарсы алуға тиіс. Іс-шара аяқталғаннан кейін білім алушылар қонақтар залдан немесе аудиториядан шыққанға дейін өз орындарынан кетпеуі керек.

    5.9. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ҚАРАУ

    5.9.1. Білім алушылардың өтініштерін қарау деканның, кафедра меңгерушісінің, жетекшілік ететін проректордың немесе ректордың атына жазылған, мәселенің мәні нақты фактілермен баяндалған, күні мен қолы көрсетілген, өздері қол қойып рәсімдеген өтініш негізінде қабылдау сағаттарында жеке-жеке жүргізіледі.

    5.9.2. Білім алушылардың өтініштерін қарауды осы өтініш жіберілген әкімшілік өкілі жүзеге асырады. Өтініш беруші өз талаптары қанағаттандырылмаған жағдайда, ол өз өтінішін әкімшіліктің жоғарғы өкіліне жіберуге құқылы. Анонимді өтініштер қарастырылмайды.

    5.9.3. Білім алушының әкімшілік өкілдеріне жеке өтініші бойынша кіруі белгіленген қабылдау сағаттарында жүзеге асырылады. Білім алушының туыстары студенттерге қатысты мәселелерді шешуге уәкілетті емес.

    6. ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ

    Ереже ректор бекіткен сәттен бастап күшіне енеді және оларды басқа ішкі актімен ауыстыру туралы ректордың нұсқауымен, тиісті бұйрығымен жойылғанға дейін қолданылады.

     

     

     


    RU KK  EN