Адам ресурстары басқармасы

1.1. Адам ресурстары басқармасы «С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Басқарма төрағасы-университет ректорына бағынады.

1.2. Басқарманы Басқарма төрағасы – университет ректорының шешімі бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

1.3. Басқарма қызметкерлері қызметінің негізгі бағыттары, міндеттері мен құқықтары осы Ереженің негізінде әзірленетін сәйкес лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалады.

1.4. Басқарма өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамасын, университет Жарғысын, университет Директорлар кеңесі мен Басқармасының шешімдерін, университет басшылығының бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын, осы Ережені және университет қызметінің тәртібін айқындайтын Университеттің басқа да ішкі құжаттарын басшылыққа алады.

1.5. Басқарма басшысы белгіленген тәртіппен осы Ережеге сәйкес қойылған міндеттер мен қызметтерге сай басқарманың тиімді жұмысын, сондай-ақ басқарма басшысының лауазымдық нұсқаулығында айқындалған лауазымдық міндеттерді орындауды және қызметкерлердің жүктелген өкілеттіктер шеңберінде олардың қызметінің өзектілігі мен маңыздылығы, сапа, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге қосқан үлесі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді.

Басқарманың негізгі міндеті:

университеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ету:

  • басқару қызметтері шегінде қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған Университеттің даму стратегиясын ескере отырып, Университеттің кадрлық саясатын әзірлеу / өзектендіру және іске асыру;
  • қызметкерлердің тиісті саны мен сапасының (біліктілігі, өнімділік деңгейі) болуы есебінен университеттің мақсаттарына қол жеткізу үшін университет қызметкерінің орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлауын басқару;
  • университет үдерістерін тиімді орындау үшін қажетті дағдылары, білімі мен іскерлігі бар тұлғалармен қамтамасыз ету мақсатында университетке қызметкерлерді іздеу мен іріктеуді басқару;
  • университет үрдістерін тиімді орындау үшін кәсіптік даярлықтың тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында университет қызметкерін оқыту мен дамытуды басқару;
  • университеттің барлық деңгейлеріндегі жұмыстың нәтижелілігін арттыру мақсатында университет қызметкерінің қызметін бағалауды басқару;
  • университеттің стратегиялық мақсаттарына жетуде университет қызметкерін ынталандыру мақсатында сыйақыны басқару;
  • сабақтастыққа, нәтижеге бағдарлануға және жауапкершілікті өз мойнына алуға дайындыққа назар аудара отырып, университеттің корпоративтік мәдениетін басқару;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес университеттің еңбек қатынастары мен кадрлық әкімшілендіруді басқару.

Басқару функциялары:

  • Университеттің ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес компанияның бірыңғай кадр саясатын әзірлеу және іске асыру; Адами ресурстарды басқару және кадр саясатын қалыптастыру саласында талдау жұмыстарын жүргізу, университеттің басқару проблемаларын диагностикалауға қатысу, оқу орнының құрылымдық бөлімше басшылары қызметін үйлестіру және әдістемелік, әдіснамалық көмек көрсету;
  • адами ресурстарға қажеттілікті жоспарлау және болжау саласындағы құжаттарды әзірлеу;
  • стратегия мен үдерістерді ескере отырып, оқу орнын басқару құрылымын жетілдіру бойынша жұмысқа қатысу, университеттің құрылымы мен штаттық кестесін бекіту, штаттық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
  • университеттің белгіленген талаптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасын сақтай отырып, білікті қызметкерлерді іріктеуді және жалдауды ұйымдастыру, бос лауазымдарға орналасу және қызметкерлерді жалдау мәселесі бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп әрекет етеді;
  • еңбекақы төлеу, оның ішінде университет қызметкерлеріне сыйақы беру мәселелерін реттейтін құжаттарды әзірлеу және бекіту;
  • университет қызметкерлерін әлеуметтік қолдау (материалдық көмек көрсету) мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
  • университеттің ішкі құжаттарына сәйкес қызметкерлер қызметінің тиімділігін бағалау рәсімдерін басқару; типтік ішкі құжаттарды әзірлеу (өзектілендіру), университет бойынша мерзімді есептілікті талдау, әдіснамалық кеңес беру, университет қызметкерін бағалау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыру арқылы қызметкерлерді бағалау жүйесін жетілдіру;
  • құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен университет басшылығы анықтаған университет қызметкерлерін оқыту қажеттілігіне және басқарма төрағасы-университет ректоры бекіткен күнтізбелік оқу жоспарына сәйкес оқу үрдісін ұйымдастыру арқылы қызметкерлердің біліктілігін үздіксіз арттыру жүйесін іске асыру;
  • типтік ішкі құжаттарды әзірлеу, университеттің мерзімдік есебін талдау арқылы университет қызметкерін оқыту жүйесін жетілдіру;
  • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес кадрлық есепті жүргізу, қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды, жұмыстан босатуды, қызметкерлердің демалысы мен іссапарларын рәсімдеу, кадрлар бойынша есептілікті дайындау, университетте жұмыс уақытының есебін жүргізуді және университеттің құрылымдық бөлімшелерінде еңбек тәртібінің сақталуын бақылау, тәртіптік комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
  • басқарманың іс қағаздарын жүргізу, университет қызметкерлерін мемлекеттік және басқа да марапаттар мен ынталандырулармен марапаттау жұмыстарын ұйымдастыру және орындау;
  • басқарма жетекшілік ететін шығыстар баптары бойынша бюджетті жоспарлау.
RU KK  EN