Қашықтықтан білім беру технологиясын пайдалану арқылы білім сапасының орталығы

Орталықтың мақсаты – қашықтықтан білім беру технологияларын қолданатын факультеттердің білім беру қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және оқу процесінің сапасын бақылау болып табылады.

Қашықтықтан білім беру технологиясын пайдалану арқылы білім сапасының орталығы мыналарды басшылыққа алады:

  • «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ Заңымен (2020 жылғы 07 шілдедегі өзгерістер мен толықтырулармен);
  • Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 сәуірде №10768 тіркелді;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 24.04.2011 жылғы № 152 бұйрығымен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру туралы үлгілік қағидалары (ҚР БҒМ министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №563 бұйрығымен өзгертілген);
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығына, 7,8-қосымшаларға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17669 болып тіркелген);
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген 5-қосымшаға сәйкес Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
  • Университет Жарғысын, Университеттің Басқарма төрағасы-ректордың өкімдері мен бұйрықтарын;
  • Сапа менеджменті жүйесі бойынша ішкі нормативтік құжаттармен және осы Ережемен реттеледі.
RU KK  EN