Студенттік ұйымдар

Университет өз студенттеріне оқу аудиториясынан тыс қызықты әрі ұмытылмас сәттерге толы күндердің куәсі болуға мүмкіндік береді. Студенттік клубтардың мақсаты – университеттегі өмірді ерекше және жарқын ету. Олардың арасында зияткерлік клубтар, спорттық командалар, қайырымдылық ұйымдар, сондай-ақ жеке және ұжымдық шығармашылық іске асыруға ықпал ететін үйірмелер бар. Мысалы, университетте дебат клубы, ұлттық аспаптар оркестрі, Жас кәсіпкерлер клубы, ағылшын тілін үйрену клубы, қытай тілін үйрену клубы жұмыс істейді. Сондай-ақ студенттерге заңгерлік кеңес беретін заң мамандары бар. Студенттер сонымен қатар зияткерлік турнирлер мен олимпиадалар, ұйымдастырады. Бос уақыттарында кинотаймға қатысады. Студенттік өмір – кез-келген студенттің жеке өзін дамытуға арналған тамаша платформа.

RU KK  EN