Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор

Жастар — елдің болашағы. Халқымыз жастар тәрбиесіне әрдайым көңіл бөліп отырған. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты аясында жастардың рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамытуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасалады, барлық шаралар олардың шығармашылық әлуетін ашуға бағытталады.
Оқу орнында Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер Департаменті осы оқу жылында өз жұмысын бастаған болатын. Жастар саясаты — департаменті білім алушылардың қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін ұйымдастыру, оларға азаматтық және ұлтаралық тәрбиені сіңіру, интеллектуалды тәрбие беру, адамгершілік және эстетикалық бағдар беру, жастар арасында жемқорлыққа қарсы бағытталған бағдарламалық шараларды өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау, волонтерлік бағыт беру іс-шараларын атқаратын, студенттермен тығыз жұмыс жүргізетін құрылымдық бөлімше. Мұнда студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу белсенділігін арттыру, жастарды нақты ғылыми-зерттеу, сараптау, әлеуметтік және бизнес-жобаларға тарту да жүргізіледі.
Жастардың гуманистік дүниетанымын, азаматтық ұстанымын, ұлтжандылық сана-сезімін, құқықтық және саяси мәдениетін еркіндігі мен өзіндік ар-ұждандық сезімін, мемлекеттік рәміздерді, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуді қалыптастыруға атсалысады.

Қанат Әуесбайұлы Әуесбай

RU KK  EN