Болашақ – білім, интеллект және инновацияда
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі басым бағыттар айқындалды. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға арналған бастамалар мемлекеттік басқару, экономика, әлеуметтік сала және білім мен ғылымды жаңғыртуды талап етеді.
Жоғары білім беру жүйесі, әсіресе техникалық және салалық университеттер, болашақ инженерлерді, зерттеушілерді, басқарушылар мен жаңашыл ойлайтын мамандарды даярлауда ерекше жауапкершілікке ие. Мұнай және газ саласы – цифрлық шешімдер мен ғылыми жаңалықтарды қажет ететін стратегиялық бағыт.
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде цифрлық трансформация үдерістері жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Білім беру бағдарламалары жаңартылып, жасанды интеллект, деректерді талдау, цифрлық модельдеу, автоматтандыру және энергетикалық инжиниринг салаларындағы заманауи курстар енгізілуде.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қолданбалы сипатын күшейту, салалық кәсіпорындармен бірлескен жобаларды дамыту және стартап экожүйесін қалыптастыру – басты назардағы міндеттер. Халықаралық тәжірибені енгізу, әлемдік жетекші университеттермен әріптестікті кеңейту және жас ғалымдардың инновациялық бастамаларын қолдау – біздің мақсатымыз.
Болашақ – білімге, интеллектке және инновацияға негізделген. Ал оны қалыптастыру – бүгінгі жауапкершілігіміз!