UTEBAYEV UNIVERSITY | Bett Show UK 2026
Utebayev University Лондон қаласында өтетін Bett Show UK 2026 көрмесіне қатысуда. Bett — білім, технология және инновацияны біріктіретін әлемдегі ең ірі EdTech алаңдарының бірі.
Көрмеде университет цифрлық трансформация және жасанды интеллект саласында іске асырылып жатқан AI HUB жобаларын таныстырды, олар білім беру және басқару үдерістерін жетілдіруге бағытталған:
- Edu Data Insight — білім беру деректерін аналитика платформасы;
- Edu AVATAR — AI-аватарлар арқылы иммерсивті білім беру ортасы;
- AI Assistants — HR, IT, оқытушылар мен мамандарға арналған интеллектуалды ассистенттер;
- Fixit — киберқауіптерді талдауға арналған платформа;
- HRtech — персонал тиімділігін арттыруға арналған цифрлық шешім.
Бұл жобалар университеттің EdTech, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және HRtech салаларындағы интеграцияланған цифрлық экожүйесін көрсетеді.
Utebayev University үшін Bett Show халықаралық серіктестік орнату, озық тәжірибе алмасу және Қазақстанның білім беру жетістіктерін әлемдік деңгейде көрсету мүмкіндігі болып табылады.
Біз бүгін білім берудің болашағын қалыптастырып отырмыз.