AOGU supports UN Agenda

ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппарат кеңесінде кәсіби бағдар беру мәселесі талқыланып, министр Асхат Аймағамбетов осы бағыттағы жұмыстың сапалы жүргізілуіне назар аударуды тапсырған болатын.

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысын жаңа форматта өткізуді қолға алды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Университет 3 желтоқсан 2021 жылы Ақтау қаласында Жастар форумын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Мақсат - Маңғыстау облысының 10-11 сынып оқушыларына техникалық және кәсіптік мамандықтарды насихаттау.

Жастар форумы барысында Университеттің топ-менеджерлерімен мотивациялық кездесу болады. Сонымен қатар, оқу орны түлектері табыс формуласымен бөліседі.
Университетте қазір «Мектеп күні» акциясы ұйымдастырылуда. Облыс мектептерінің жоғары сынып оқушылары бір күндерін жоғары оқу орны базасында өткізеді.

 Университеттегі республикада теңдесі жоқ Н.Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту орталығындағы мұнай музейінде болып, заманауи зертханалармен танысады. «Болашақ» бағдарламасының түлектері ұйымдастырған тренигтерге қатысады.

https://www.facebook.com/aogu.edu.kz/videos/254162663410666

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN