AOGU supports UN Agenda

Шетелде білім алу, тағылымдамаға, жұмыс істеуге бару үшін IELTS, АССА емтихандарын тапсыру керек. Енді атыраулықтар бұл халықаралық емтихандарды Н.Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту Орталығында тапсыра алады.

Британ кеңесі (British Council Kazakhstan) мен С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті арасында аталған емтихандарды оқу орны базасында өткізу туралы меморандумға қол қойылды.

 Британ кеңесі – мәдениет және білім саласында Ұлыбритания атынан өкілдік ететін халықаралық ұйым.

 АССА сертификаты – халықаралық деңгейде ең беделді құжаттың бірі. Бұл сертификатты алу өңдеу өнеркәсібінде, банк саласында, аудиторлық, консалтингтік қызметтер көрсетуде, салық және құқық саласында жұмыс істеу үшін қажет білім мен дағдылардың бар екенін растайды.

Университетте, сондай-ақ, IELTS емтиханына дайындық курсы басталды. Енді курсты бітірушілер де арнайы сынақты оқу орны қабырғасында тапсыратын болады.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN