AOGU supports UN Agenda

Дүние жүзінде дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан бұл мереке рухани қазына - кітапқа деген құрметтің белгісі.

17 қараша Халықаралық студенттер күніне орай С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ғылыми кітапханасында «Кітапхана түні» өтті.

 Мерекелік кештің шымылдығын Ғылым және инновация жөніндегі проректор М.Қ.Сыздықов, Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Қ.Е.Оразалиев, кеш қонағы ATYRAU BOOKS кітап дүкені меңгерушісі Полина Владимировна құттықтау тілектерімен ашты.

«Кітапхана түні» студенттер дайындаған ән, би, күйлермен, әр бөлімде кітапхана ұжымы ұйымдастырған жарыс, көрме, логикалық, спорттық ойындармен, одан әрі қаламыздың ATYRAU BOOKS кітап дүкенінің таныстырылымен жалғасты.

Жатақханада тұратын студенттер шараға белсенді қатысып,түрлі сыйлықтарға ие болды.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN