AOGU supports UN Agenda

Баға жетпес білімге толы, бүгінде баспадан шықпайтын, интернетте де жоқ кітаптар университетке сый болып келді. Өңірімізге танымал геофизик Геннадий Желтоножко жеке кітапханасындағы ғылыми кітаптар мен оқу құралдарын, минерал тастарды сыйлады. 
Ол 1966 жылы Грозный мұнай техникумын «Кәсіпшілік геофизика» мамандығы бойынша тәмамдап, жолдамамен ҚазКСР Қостанай облысына барып, Затобол гидрогеологиялық эқспедициясында инженер-оператор болып жұмыс істеген. Бас инженер Г. Желтоножконың болашағынан үміт күткен ел ағалары жоғары білім алу үшін Уфадағы мұнай университетіне оқуға жібереді. Оқу бітіргеннен кейін Теңіз - Новороссийск, Теңіз - Орынбор мұнай құбырын, ТШО-ның 2-буынды зауытын салуға қатысты. Студенттермен кездескен Геннадий Василийұлы өмір жолындағы жақсы адамдар, әсіресе, «табиғат тамыршысы» атанып, елге танылған академик Мұфтах Диаров туралы қызықты естелік айтты.
Г.В.Желтоножко – өз ісінің шебері, әр іске жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты атқаруының арқасында сый-құрметке ие болған қарапайым еңбек адамы. Оның қызы Олеся Желтоножко – біздің университеттің түлегі. Студент кезінен оқуда озат болуымен қатар, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан Олеся қазір ірі мұнай компаниясында табысты еңбек етіп жүр.


Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN