AOGU supports UN Agenda

Ираннан келген Гилян университетінің профессоры, ғалым Vahid Mottaghitalab 8 қарашадан бастап студенттерге дәріс оқып жатыр. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасының студенттері шетелдік сарапшыдан полимер өндірісінің химиясы, физикасы және технологиясы жөнінде терең түсінік алды.

Полимерлерді өңдеу, пайдалану және бұзылу кезінде жүретін физикалық-химиялық үдерістер, осы бағыттағы ғылымдағы соңғы жетістіктер туралы ғалым дәрісін студенттер қызығушылықпен тыңдады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстандағы жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды тарту» бағдарламасы аясында Университетке жыл сайын шетелден әріптестер келеді. Халықаралық байланысты нығайтуға бағытталған бұл бастама студенттердің құзыреттілігін, академиялық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN