AOGU supports UN Agenda

Университетіміздегі мұнай-газ факультетінің оқытушылары Прорва кен орнында өндірістік тағылымдамадан өтіп жатыр.

Оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған тағылымдамада ғылым мен технологияның қарқынды дамуы негізінде кәсіби шеберлікті жетілдіру де көзделген.

Оқытушылар «Discovery» бұрғылау қондырғысында бұрғылаушы кабинасынан ұңғыманы басқару процесін меңгерді. Сонымен қатар, техникалық құжаттаманы зерттеу және бұрғылау басқармасының жұмысымен танысты.

-«ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» оқу орталығында өткен «Бұрғылау бағанасы кептеліп қалуының алдын алу» тақырыбындағы тренингте бұрғылау процесіндегі қиындықтардың себептері мен түрлерін, оларды болдырмау және жою әдістерін меңгердік, - дейді тағылымдамадан өтіп жатқан университетіміздің профессоры, техника ғылымдарының докторы Нұркен Ахметов. -«ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» компаниясына жаңа технологиялармен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN