AOGU supports UN Agenda

«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының ашылғанына биыл - 30 жыл. Осы мерейлі мерекеге орай университетте салтанатты шара өтті.

Мұнай-химия инженериясы және экология институтының деканы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Айгүл Буканова құттықтау сөзбен ашқан мерекелік кешке университет серіктестері, ардагер ұстаздар, студенттер мен түлектер қатысты.

30 жылда «ОЗХТ» мамандығын 4 мыңнан астам түлек бітіріп, бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде ғана емес, шетелдерде де табысты еңбек етіп жүр.
Білім беру бағдарламасының профессорлық-оқытушылар құрамы тығыз байланыс орнатып жүрген Астрахан мемлекеттік техникалық университеті, Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті, Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университеті, басқа да серіктес жоғары оқу орындары ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, құттықтау жолдады.

Ақ тілекпен, көңілді көріністермен, әсем әуенмен әрленген іс-шара жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасының профессорлық-оқытушылар құрамын, студенттер мен түлектерді атаулы күнмен құттықтап, сәттілік тілейміз!



Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN