AOGU supports UN Agenda

Аға буынның ақылы мен жастардың жігері болашаққа жарқын жол ашады.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында университетте мұнай-газ саласы ардагерлері мен студенттердің кездесуі ұйымдастырылды.

-Осындай іс-шаралар аға буын мен жастар арасындағы ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісі,- деп атап өтті университет ректоры Гүлзада Шакуликова. -Жаңа оқу жылынан бастап университетте жастар тәрбиесіне бағытталған «Кемел тұлға» жобасы бастау алды. «Университеттің үшінші миссиясы» - қоғам дамуына ықпал ету десек, жаңа әлемге бейімделу, жетістікке жетер жолды табу бізге көптеген міндет жүктеп отыр. Елбасы «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында: «Ең бастысы – еліміз аман, ұрпағымыз азат. Біз алақанға салып өсірген сол азат ұрпақ ендігі жерде «Мен Қазақстаныма не беремін?» дегенді ойлауы керек» - деп жазды. Жоғары оқу орындары қызметінің маңызды бағыттарының бірі – тәрбие саласы. Қазіргі қоғамдық сұраныс өз ісіне мығым, білімді, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүретін, жан-жақты қабілетті маман тәрбиелеуді талап етеді. Тәуелсіз мемлекетімізді биік белестерге бастайтын, елдігімізді тұғырлы, егемендігімізді ғұмырлы қылатын жігерлі жастарды тәрбиелеу жолындағы бірлескен жұмысымыз берекелі болсын!

Кездесуге мұнай-газ өнеркәсібі министрінің орынбасары қызметін абыроймен атқарған Ғалиаусат Қайырбекұлы, облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Мақсым Шафихұлы, Қазақстанның Еңбек Ері Руслан Тұржанұлы, басқа да ардагерлер қатысып, Тәуелсіздік жылдарындағы мұнай-газ саласының дамуы туралы айтты және өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN