AOGU supports UN Agenda

Кітап қоры толықтырылады және студенттер әлемдегі ең ірі кітапханалардың электронды сақтау қоймасын пайдалануға мүмкіндік алады.

Бүгін осы мақсатта Университет басшылығы мен «Маруся Асаубаева атындағы жеке қор» өзара түсіністік және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Маруся Маралқызы Асаубаева - еліміздегі тәуелсіздік жылдарындағы алғашқы кәсіпкерлердің бірі. Алтын өндіру өнеркәсібін дамытуға үлес қосқан «KazakhAltyn» жобасын жасап, «Aglocore» инвестициялық әртараптандырылған холдингтің негізін құрды. Ол Британдық Қоғамдық компания Директорлар Кеңесіне мүше болған алғашқы қазақстандық әйел. Қайырымдылық, демеушілік істердің басында жүрген Маруся Маралқызы, өкінішке қарай, 2015 жылы өмірден өтті.

Ұлттық руханияттың үлкен жанашыры болған қайраткердің ізгі жолы жалғасып жатыр. «Маруся Асаубаева атындағы жеке қордың» атынан Е.Асаубаев бүгін біздің университетке келіп, әлеуметтік-мәдени даму бағытында өзара ынтымақтастық орнатуға ниетті екендерін айтты.


Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN