AOGU supports UN Agenda

С.Өтебаев атындағы АтМГУ басшылығы бүгінгі студенттерге жоғары білім, соның ішінде практикаға бағытталған білім беруде жаңа формалар мен әдістерін енгізу арқылы жас мамандарды даярлау сапасын арттыруды басты назарда ұстап отыр.

Бүгінгі күні университетте «ADAGA» ЖШС «Geosteering Office» бағдарламалық жасақтамасы іске қосылды. Бұл бағдарлама арқылы студенттер геология, бұрғылау, мұнай өндіру процестерін компьютерлік модельдеуге мүмкіндік алады.

Қазіргі уақытта мұнай-газ факультетінің оқытушылары аталған бағдарламаны өздері меңгеру үшін дайындық курстарынан өтуде. Біліктіліктерін жетілдіруде.

Аталған бағдарлама оқу процесіне өте қажетті. Студенттердің теориялық білімдерін практикада пысықтауға аталған бағдарламаның атқаратын ролі зор.

ҚР-дағы "ADAGA" ЖШС жобаларына салада үлкен халықаралық тәжірибесі бар мамандар бекітілген (орта есеппен 10-15 жыл). Геонавигация үшін пайдаланылатын "Geosteering Office" бағдарламалық жасақтамасы Канада, АҚШ, БАӘ, Латын Америкасы және т. б. сияқты елдерде халықаралық жобаларда кеңінен қолданылады. Аталған компания – РФ Арктикалық қайраңының Приразломная жобасында жұмыс істеу үшін техникалық талаптардан жақсы өткен және шлюмбержені геонавигация сервисі бойынша ауыстыра алған жалғыз компания. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Арктикалық қайраңдағы геонавигация қызметін тек осы бағдарлама мамандары жүзеге асырады.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN