AOGU supports UN Agenda

Қалдықты сұрыптау мәдениеті – әр адамның әлеуметтік жауапкершілігі. Әр қазақстандық күнделікті тұрмыс қалдықтарын тиімді, дұрыс тұтынуға және оны жоюға деген мәдениеті мен көзқарасын өзгерту арқылы қоршаған ортаны қорғауға үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан қоршаған ортаның тазалығын сақтау ең алдымен өзімізден басталады. Осыны естен шығармайық!!!

Бүгінгі экотренер, вермифермер, зировейстер Надежда өткізген семинар тренинг көпке ой салардай. Тамаша ақпараттармен бөлісті.

Мысалы күнделікті біздер тұтынып, одан кейін қоқыс жәшігіне лақтырып жүрген пластиктердің ыдырып, жойылуына кем дегенде 450 жыл, пакет дорбаларға 50 жыл, шыныға 1000 жыл, ал алюминий қалдықтарына 500 жыл керек екен! Ал олардың ішінде қауіпті қоқыстар да (батарейка, лампочка, т.б. секілді құрамында ртуть бар) кездеседі. Ойланарлық жағдай!!!

Айта кету керек елімізде қалдықтарды өңдейтін 63 кәсіпорын бар екен. Сондықтан күнделікті өмірде осыларға жіті мән беріп, қалдықтарды сұрыптай білу қажет.

Біздің оқу орнының даму стратегиясының басым бағыттарының бірі «жасыл» университет болғандықтан, бүгінгі семинарға қатысқан әр қызметкердің қалдықтарды тұтыну және оны жою туралы мәдениетін қалыптастыруға ықпалын тигізді деген сенімдеміз.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN