AOGU supports UN Agenda

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті PETRONAS Технологиялық университетімен (UNIVERSITI TEKNOLOGI PETRONAS (UTP) онлайн форматта екі жақты ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтасты дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды.
UTP-әлемдік деңгейдегі ғылыми, инженерлік және технологиялық шешімдерді құру үшін білім мен тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін жоғары оқу орны.
Қазіргі таңда екі университет арасында студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қос дипломды білім беру жұмысы тиімді жүргізіліп отыр. Алдағы уақытта университеттер «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Автоматтандыру және басқару», «Ақпараттық жүйе» және «Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасы бойынша бірлескен білім беру жобасын жүзеге асыруды жоспарлады.

Меморандум негізінде екі университеттің ғылыми-зерттеу және жоғары білім беру қызметіне, студенттер мен професорлық-оқытушы құрамының академиялық ұтқырлығын ақпараттық қолдау мен қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастық орнайды.

Екі жақты ынтымақтастықты дамыту меморандумы арқылы АтМГУ профессорлық-оқытушы құрамы мен магистратура студенттері арасынан Phd докторантураны Малайзияда жалғастыруға мүмкіндік беріліп отыр. Ғылым іздеген, білімін жалғастырамын немесе біліктілігімді арттырамын деген әрбір ізденушіге бұл үлкен мүмкіндік.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN