AOGU supports UN Agenda

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында келешек жастарға әлемдік деңгейде білімге қол жеткізу үшін алдыңғы қатарлы мемлекеттердің озық тәжірибелерін оқыту мақсатында «Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы енгізілгені баршамызға белгілі. Жобаның мақсаты – гуманитарлық білімнің барлық бағыты бойынша әлемдегі таңдамалы оқулықтарды қазақ тіліне аударып, жастарға жаңашыл бағытта білім беру.

Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау ісінде әлемнің үздік 100 оқулығын қазақ тілінде сөйлету өте тиімді әдіс болып отыр. Білім іздеген әр адам 100 жаңа оқулықтағы бағыт-бағдарын дұрыс бағамдап, қоғамдық сананы жаңғырта білуі керек.

Осы бағытта С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ғылыми кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында тағы да жаңа оқулықтармен толықты. Студенттерге толыққанды білім беруге қажетті деп танылған жаңа түскен кітаптар қаржы, саясаттану, менеджмент, көшбасшылық, халық саны және қоғам, әр елдердің философия тарихы салаларын қамтиды. Кітаптар оқу залы мен абонемент бөлімінде қолжетімді, сонымен қатар https://openu.kz/ru Қазақстанның ашық университетінің платформасында электрондық нұсқаларын оқи аласыздар.

Құрметті оқытушылар, студенттер! Сіздердің назарларыңызға «Ұлттық аударма бюросы» аударма жасаған жаңадан келген оқулықтардың виртуалды кітап көрмесін ұсынамыз. Таныс болыңыздар, оқыңыздар!

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN